27 ақпанда лицейде Қазақстандағы Алғыс айту Күніне арналған жалпы мектепішілік шара өтті. Бұл шараға жауапты 7б-сыныбы болды, жетекшісі Ажгалиева И.К.
Шараның басты мақсаты – көп ұлтты Қазақстанның бірлікте, татулықта дамуын сақтау және бекіту, қазақ халқының қолдауының арқасында көптеген ұлттардың қиындықтарды жеңіп шығуы туралы тарихи естеліктерді жаңғырту, ұлттардың бір-біріне деген құрмет сезімдерін арттыру.
Мерекелік шараны мектеп-лицейі директоры Л.Г.Черыкаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Көрермендер үшін Қазақстан туралы, қазақ халқының қонақжайлығы туралы өлеңдер оқылды. 7б-сынып оқушылары «Адай», «Алға, Қазақстан!», «Бір шаңырақ аясында» сияқты билер орындап, «Қазақстан жері» әнімен көрерменді сүйсінтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөзі бейнебаяннан көрсетілді. Мереке өте жарқын, көңілге жылу сыйлап, есте қалатындай өтті.
Аталған шараны ұйымдастыруға ат салысқан барлық қатысушыларға, соның ішінде 7б-сынып ата-аналар комитетіне үлкен алғыс білдіреміз!!!