БӨЛІМДЕРІ 1. Жалпы ережелер. 2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі. 3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысаны мен мақсаттары. 4. Білім беру үрдісінің мақсаты, іске асырылатын білім беру бағдармаларының тізбесі. 5. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі. 6. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі.
7. Білімді ағымдық бақылау жүйесі, білім алушыларды аралық аттестаттау, оларды өткізудің тәртібі мен түрі. 8. Ақылы білім беру қызметтерін ұсыну тәртібі мен тізімі. 9. Мектеп-лицейі, ата-аналар және өзге де заңды өкілдер арсындағы қарым-қатынастарды жүйелеу және рәсімдеу тәртібі. 10. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі. 12. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. 13. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі. 14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі. 15. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі.
2
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Орал қаласының білім беру бөлімінің «№35 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - КММ) заңды тұлғалық статусы бар, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мектеп-лицей коммуналдық мемлекет болып табылады, жеке балансы, Батыс Қазақстан қазыналық басқармасында есеп айыру шоты бар.
2. КММ-нің өзіндік мөрі, бұрыштамасы, бланкі, маңдайша жазуы бар.
3. КММ Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазаннаң №3396 қаулысымен құрылды.
4. КММ-нің құрылтайшысы - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі.
5. Орал қаласының білім беру бөлімі өз саласына сәйкес уәкілетті орган болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы:
 Мемлекеттік тілде: Орал қаласының білім беру бөлімінің «№35 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей №35» отдела образования города Уральска
7. КММ-нің заңды мекен-жайы:
Индексі: 090002, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жуков көшесі, № 17-үй
8. Мемлекеттік заңды тұлғаның түрі – коммуналдық.
2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
9. КММ мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. КММ-нің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
11. КММ басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. КММ өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақша арқылы жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық түрде жауапты болады.
13. КММ-нің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Жергілікті әкімшілік органдары мен мектеп-лицей басшысы мектеп-лицей оқушыларына тамақтану және дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, жағдай жасайды. Тамақтану сапасына және дәрігерлік қызмет көрсетуге бақылау жасау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
15. Мектеп-лицейде саяси партиялар, қоғамдық – саяси қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.
3
3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ
16. Мекеме қызметінің нысаны – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру.
Мектеп-лицейі қызметінің мақсаты:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін мектеп-лицейі келесі міндеттерді іске асырады:
 мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;
 оқушылардың білім, шеберлік дағдыларын меңгеруден талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамытуына біртіндеп көшуі;
 көпбейіндік оқыту мен оқушылардың жеке қызығушылықтары негізінде барлық оқу-тәрбие үрдісін ерекше дараландыру;
 білім беру жүйесін мекеме түріне және білім беру үрдісі мазмұнына қарай бейіндеріне сәйкес саралап, жіктеу;
 оқушыларды гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына даярлаудағы үйлесімділік, білім беруді компьютерлендіру;
 оқушыларды ұлтжандылыққа, азаматтық, интернационалдық және адамгершілік идеялары негізінде белсенді оқуға баулып, осы негізде тәрбиелеу үрдісін құру;
 Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың ұлттық мәдениетін, озық салт-дәстүрлерін сақтау;
 жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру мақсатында отбасымен өзара тығыз қарым-қатынас орнату;
 мектеп бітірушілерді кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша даярлау, бейініне сәйкес жоғары білім алуына бағыт беру;
 жалпы білім беру үрдісінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын арттыру.
17. КММ бағыты: көпбейіндік.
Орта білім беру жүйесінің барлық сатылары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі болып табылады: негізгі орта білім (7-9 сыныптар), жалпы орта білім немесе бейіндік оқыту (10-11(12) сыныптар).
18. Мектеп-лицей қызметінің негізгі нысандары:
 оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;
 ата-аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, білім беру және отбасы психологиясы мәселелері бойынша кеңес беру;
 жаңа білім беру бағдарламасын жасау, сынақтан өткізу және енгізу;
 оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени бұқаралық шаралар өткізу;
 ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып өткізу.
4
19. КММ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықаралық қызмет жүргізу құқына ие ЮНЕСКО-ның қауымдастық мектебі ретінде қолданыстағы заңдарға сәйкес халықаралық қызмет жүргізуге құқылы.
4. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ МАҚСАТЫ, ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТІЗІМІ
20. Білім беру үрдісінің мақсаты:
 оқушыларға базалық жалпы орта (толық ) білім беру;
 әрбір баланың қабілетін және шығармашылық мүмкіндігін ашу;
 әрбір оқушыға жеке басының қабілеті мен талабын ескере отырып, білім беру;
 өз бетімен білімін толықтыруға және өзін-өзі дамытуға қажетті жағдай туғызу;
 оқушының жеке басының жан-жақты дамуына жағдай туғызу (ақыл-ой, адамгершілік гуманитарлық, эмоционалдық, физикалық) жеке бағдарламалармен оқуға көшіру, жеке шығармашылық бағдарламаларды жүзеге асыру оқушының әр түрлі бағыттағы пәндерді өз бетімен таңдауы әрі оны тереңдетіп оқуы;
 оқушылардың ғылыми жұмыс дағдыларын меңгерулеріне ықпал ету;
 функционалдық сауаттылықты, жоғарғы оқу орнында жетістіктерге жетелейтін сапалы білім мен құзіреттілікті қалыптастыра отырып, жоғары оқу орнына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орнына бейімдеу.
21. Білім беретін оқу бағдарламаларының түрі, типі:
Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) байланысты:
- жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық)
- қосымша болып бөлінеді.
Үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жасалады.
Жұмыстық жалпы білім беретін оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу
бағдарламаларына:
1) негізгі орта білім беру
2) жалпы орта білім беру бөлінеді.
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған білім беретін оқу бағдарламалары құрастырылады.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыруы, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруы, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруы үшін жағдайлар жасауды көздейді.
5
Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары құрастырылады.
Кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша құрастырылады.
Кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғарғы оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкін.
Білім беру жүйесі берілген лицензияға байланысты барлық білім бағдарламаларын жүзеге асыруға құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған оқу бағдарламасын жүзеге асыруға тиісті емес.
ІІ саты – 7-9-сыныптар
Жалпыға міндетті білім беру стандартын және негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын пайдалану.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруына, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда және бейіндік сыныптарда авторлық және бейімделген бағдарламаларды қолданып, оқытуға болады.
ІІІ саты – 10-11-сыныптар
Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандартты бағдарламаларын пайдалану.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік – гуманитарлық, жаратылыстану – ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде құрастырылады.
Авторлық және бейімделген бағдарламаларды пайдалану қарастырылған.
5. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
22. КММ-ге Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады. Мектеп-лицейіне қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелері бойынша жүзеге асырылады.
23. Оқушыларды мектепке қабылдау:
 7-сыныпқа 12-13 жастағы балалар тұрақты орнына байланыссыз қабылданады;
 лицей сыныптарына оқушылар байқау нәтижелері негізінде қабылдау емтиханы арқылы қабылданады. Қабылдау емтиханы математика, орыс тілі, ағылшын тілі және жалпы психологиялық тест бойынша өткізіледі;
 мектепке қабылдауды ұйымдастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады;
 мектеп-лицейге қабылдау және қабылдау емтиханына жіберу ата-аналарының арызы және баланың денсаулығы жөніндегі анықтамалар негізінде жүргізіледі:
6
 мектепке қабылдау мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді;
 мектеп-лицейдегі сыныптарда оқушылар санының толықтылығы 7-9- сыныптарда 30 адамнан, ал 10-11 сыныптарда 25 адамнан аспауы керек.
24. Оқушыларды мектеп-лицейден шығару тәртібі:
Оқушыларды мектеп-лицейден шығару төмендегі жағдайларда мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады:
- ата-анасының (заңды өкілдерінің) тілегі бойынша басқа оқу орындарында немесе оқудың басқа нысанында білімін жалғастыруы;
- 16 жасқа толмаған балалар Жарғыны бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін және заңға қайшы іс-әрекеттері үшін білім беруді басқару органдарының шешімі бойынша шығарылады;
- лицей деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының орындалмауы, педконсилиумнің оқушының бейіндік оқытудағы қабілетсіздігін анықтауы (мектептің қолдаухаты негізінде қалалық білім беру бөлімінің шешім шығаруы);
- жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады;
- Оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару (ІІ сатыдан кейін) оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша лицей кеңесінің (педкеңес) шешімімен жүзеге асырылады. Егер оқушы жылдық қорытынды бойынша үш пәннен «3» (қанағаттанарлық) деп бағаланса, педагогикалық кеңес шешімі бойынша оқудан шығарылады.
6. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
25. Білім беру деңгейіне сай келетін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес КММ білім алушыларға мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сондай-ақ орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқытуды қамтамасыз етуі тиіс.
26. Мектептегі білім беру үрдісін ұйымдастыру Республикалық базистік жоспарға сәйкес жасалып, білім беру ұйымы бекіткен және Орал қалалық білім басқармасымен келісілген оқу жоспары негізінде жүргізіледі,
27. Мектеп-лицейінің оқу жоспарына негізгі (базалық), вариативті (тереңдетілген) және лицейлік (дамытушылық) құрамдары кіреді және 4 нұсқалық жұмыс жоспары негізінде құрылған \7-сыныпта – жалпы білім беру жоспары, 8-9-сыныптарда – бейіналды дайындық жоспары, 10-11-сыныптарда бағыттар бойынша бейіндеу – қоғамдық-гуманитарлық (гуманитарлық-лингвистикалық бейін) және жаратылыстану-математикалық (физика-математикалық және ғылыми-жаратылыстану бейіндері).
28. Мектеп-лицей білім беру үрдісін төмендегідей сатылы білім берудің білім беру бағдарламасының деңгейлеріне сәйкес ІІ, ІІІ сатыларында жүзеге асырады:
 ІІ сатысы \7-9 сыныптар\: негізгі жалпы білім беру: жалпы білім берудің бейіндік кезеңі және бейіндік пәндерді тереңдете оқытудың бейіналды кезеңі;
 ІІІ саты – 10,11 \12\ сыныптарда орта \толық\ бейіндік білім беру негізінде: физика-математикалық \физика, математиканы тереңдетіп оқу\, ғылыми-жаратылыстану (физика, химияны тереңдетіп оқу) гуманитарлық-лигвистикалық \ағылшын тілін тереңдетіп оқу\.
7
29. Негізгі және орта (толық) білім беру бағдарламаларын меңгеру мектеп бітірушілердің ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілеген міндетті қорытынды аттестациядан өтуімен аяқталады.
30. Білім беру бағдарламаларын толық меңгерген оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі. Мектеп оқушыларын келесі сыныпқа көшіру, аттестациялау, мектепті бітіру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нұсқаулықпен анықталады.
31. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, оқу тоқсандарының, демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарымен анықталады.
32. Мектептегі оқу жылын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Оқу аптасының ұзақтығы, сабақ тәртібі мен ұзақтығы санитарлық бақылау органдарының талабымен белгіленеді.
33. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны – сыныптық-сабақ нысаны. Бір сабақтың ұзақтығы (академиялық сағат) 45 минут болып белгіленеді, аралық сынақ кезеңде 1,2,3 тоқсанның соңғы 4 күнінде бір сабақтың ұзақтығы (академиялық сағат) 30 минут.
34. Мектеп-лицейдің ережесіне сай бекітілген оқу жүктемесі және оқушылар мен тәрбиеленушілердің сабақ кестесі жасалады. Ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, білім және денсаулық сақтау органдарының нұсқауы мен ережесі, оқу жоспарлары негізінде жүзеге асады.
Денсаулық сақтау органы білім ошағындағы оқушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын үнемі қадағалайды, тиісінше медициналық қызмет көрсетеді. Мектеп-лицейі медпунктке арнайы бөлме жасақтайды және оқушыларға алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік мекемеде тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында оларды медициналық қызметпен қамтамасыз ететін бөлімдер құруға құқылы.
Мектеп-лицейінің сабақ кестесін жасаған кезде, оқушының тамақ ішуіне, демалуына арнайы үзілістер берілуі ескрілуі қажет.
Мектеп-лицейі оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақ ішуіне жағдай жасайды, оны бақылау денсаулық сақтау органына жүктеледі.
35. Әрбір сыныптағы пәндер бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған және мемлекеттік стандартына сәйкес мұғалім жасаған оқу және күнтізбелік тақырыптық жоспарлары негізінде қарастырылады.
36. Мемлекеттік мекеме оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларын не оның бөлек тарауларын отбасылық білім түрін, өздігінен білім алу не экстернат және мүмкіндігі шектеулі балаларға оқытудың қашықтық нысаны арқылы меңгеруіне көмек көрсетеді.
Денсаулығына байланысты орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарға ұзақ мерзімге дейін келе алмайтын азаматтарға үйден тегін жеке оқыту түрі ұйымдастырылады.
37. Оқушылардың жалпы білімін тереңдету, сондай-ақ қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға оқу жоспарына арнайы курстар мен факультативтер
8
енгізіледі, сонымен қатар жекелеген пәндер тереңдетіліп оқылатын сыныптар ашылады. Жыл сайын мектеп-лицейге әр сыныпқа 4 сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстар ұйымдастыруға қаржы бөлінеді, сондай-ақ әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдар ұйымдастыру үшін 0,25 жүктеме беріледі, сонымен қатар жоғары білікті мамандарға келісімшарт негізінде жекелеген курстар мен лекциялар үшін жылына 1500 сағатқа төлем жүргізіледі. Факультативтік сабақтар мен таңдау курстары 10 адамнан кем болмаған жағдайда топқа бөлініп өткізіледі.
38. Мектеп қала бойынша лицейге түсіп, оқып жатқан балаларды толық қамтуға шара қолданады.
39. Бюджеттік қосымша білім беру \факультатив\ топтарындағы оқушылар саны белгілі Нұсқау негізінде 10 адам болуы міндетті.
40. Оқу жоспарының кейбір пәндерін оқыту Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы Нұсқаулығына және Қазақстан Республикасындағы лицейлердің қызметін ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес сыныптарды топтарға бөліп жүзеге асырылады.
41. Мектеп-лицей құжаттары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі нұсқа бойынша жүргізіледі.Жалпы білім беру мекемесінің есебі мемлекеттік статистика ұйымдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
42. Мектеп өз жанынан тамақтанатын не тамақтанбайтын күндізгі лагермен, еңбек ету мен демалу лагерімен қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша педагогикалық және басқа да кадрлардан тұратын топтар ұйымдастыруға, осында келулері үшін қажетті материалдық- техникалық және тұрмыстық жағдай жасауға құқылы.
43. Ең біріншіден жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасыларының, көп балалы, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының балаларының, экологиялық қолайсыз ауданда тұратын балалардың, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырады.
44. Мектеп Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасөспірімдерді демалыс уақыты мезгілінде еңбекпен қамтамасыз етуге, олар үшін жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орнын ұйымдастыруға құқылы.
45. 7-сыныптарда дене шынықтыруға бөлінген сағаттардан 1 сағат би және ритмика сабақтарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
7. БІЛІМДІ АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ТҮРЛЕРІ
46. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. Мектеп білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
47. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
9
48. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.
Жалпы білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруінің ағымдық бақылау пән мұғалімінің жекелей не тестілік тапсырмалармен, оқушылардың өз беттерімен орындаған еңбектері негізінде өткізіледі. Мектеп әкімшілігі тарапынан әр пән бойынша білім сапасын тексеру жалпы мектептік жоспар бойынша жылына әр сыныпта 2 реттен кем болмауы керек деп белгіленеді. Қорытындысы талқыланып, кемшіліктері әкімшілік тарапынан бақылауға алынады. Ағымдық бақылау тек тексеру мақсатында ғана емес, сонымен бірге түзету, оқыту сипатында жүзеге асырылады, нәтижесінде оқушылардың даму көрсеткіші бақыланып отырады.
Аралық аттестациялау мектеп-лицей бойынша сынақ ретінде өткізіледі, ол бес балдық бағана бойынша бағаланады \5 – өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз\. 7 сыныпта сынақ 2,3 тоқсан соңында жалпы білім беру пәндері бойынша, ал 8-11 сыныптарда 1,2,3 тоқсан қорытындысы бойынша өтеді. Сынақ жазбаша немесе ауызша түрде өтуі мүмкін. Сынақ материалдарын пән мұғалімдері тоқсандық оқу бағдарламасы бойынша даярланады. Тоқсандағы сынақ әр сыныпта екі пәннен аспайды. Сынақ қорытындысы бойынша баға сынып журналына тоқсандық бағадан кейін қойылып, қорытынды баға шығарылады. Қорытынды баға сынақ бағасынан жоғары болмауы қажет. Сынақ өтетін төрт күн ішінде айрықша жұмыс тәртібі енгізіледі – сабақтың өту уақыты 30 минут. Сынақтың өту ұзақтығы 3 академиялық сағат. Аралық аттестация барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиада жеңімпаздары, сонымен қатар пікірталас турнирлерінің жеңімпаздары әкімшіліктің ұсынысымен мектеп директорының бұйрығы бойынша сынақтан босатылуы мүмкін.
Аралық аттестация қорытындысы бойынша 7-сыныптарда педагогикалық консилиумдар өткізіліп, әрі қарай оқыту жүйесі, бейінделі талқыланады (7-сынып оқушыларын бейіндеріне қарай бөлу). Педагогикалық консилиумдардың мерзімі – тоқсанға 1 рет. Педагогикалық консилиум барысында пән мұғалімдері тоқсан бойынша үлгерім нәтижесінде пәндік және жинақтық диагностикалық карталар негізінде әр 7-сынып оқушысының үлгерім сапасына қатысты шешім шығарады. Алқалық талқылау қорытындысы бойынша оқушының әрі қарай дамуы туралы нұсқау, кеңестер беріледі.
49. Жылдық оқу бағдарламасын толық меңгерген әрі қорытынды бақылаудан сәтті өткен білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі, әрі қорытынды аттестациядан сәтті өткендерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
50. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие үрдісінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
8. АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ТІЗІМІ
51. №35 мектеп-лицейі ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы. Қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сай ұйымдастырылуы керек.
10
Ақылы білім беру немесе басқа да ақылы қызметтер оқушылар мен ата-аналардың жазбаша берілген келісімі және мектеп пен ата-аналар бірлестігі туралы келісімшарт негізінде ұсынылады.
Заңды тұлғаларға ақылы білім беру ісі келісім негізінде айтылған төлем жүргізілген соң ғана басталады.
Заңды тұлғалар қолданыстағы Ережеге сай аударым арқылы есеп айырысады, ал жеке адамдар - қолма-қол немесе аударым арқылы есеп айырысады.
Аударым арқылы төленген төлемдер директор мен бас бухгалтердің қатысуымен жүзеге асырылады. Кассир қолма-қол төлемдерді келуші тараптардың уағдаластығы негізінде фискалды жады бар бақылау-есептеуіш машина қолданып есеп айыруға құқылы.
52. Мектеп төмендегідей қосымша ақылы білім беру қызметтерін ұсына алады:
 қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету;
 пән топтамалары бойынша қосымша арнаулы курстар ұйымдастыру;
 қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту (оқу жоспарынан тыс қосымша сабақтарды және оқушылармен өткізу);
 пәндерді оқушыларға тереңдетіп оқыту (мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, білім бағдарламасы аясынан тыс білім беру);
 балалардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған қосымша жұмыстар өткізу;
 жазғы демалыстар ұйымдастыру;
 үйірмелер жұмысын ұйымдастыру (базалық оқу жоспарынан тыс);
 жалпылама спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, төрелік ету, оқушылар арасында спорттық іс-шаралар өткізу кезіде тамақтануды ұйымдастыру;
 басқа да ақылы қызметтер өткізуге музыкалық құралдарды пайдаланғаны үшін, оқу-әдістемелік әдебиеттерді таратудан түскен қаражат, оқушыларды тамақтандыруға ата-аналардан бөлінген қаржы).
9. МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ
53. Ата-аналар мен оқушылар сыныптың және жалпымектептік ата-аналар жиналыстарында, лицей сайты беттерінде мектеп Жарғысымен таныстырылады. Мектеп пен оқушылардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынас бір текті, кейде жекеше келісім шарт негізінде құрылады. Мектеп Жарғысының ережелері оқушыларға хабарламалар түрінде жеткізіледі.
Ата-аналардың мектептің Құрылтай кеңесі арқылы лицейдегі білім үрдісін басқару ісіне қатысуына құқылары бар.
Мектептің Құрылтай кеңесі бірігіп басқару мәселелерінде, қосымша жобаларды қаражаттандыруда, тәртіп мәселелерінде, оқушылардың демалысын ұйымдастыруда педагогикалық ұжымға көмек береді, мектептің қоғамдық Қоры арқылы денсаулық сақтау бағдарламаларына белсене қатысады.
10. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ
54. Құрылтайшының құзыреттілігі:
11
 жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастыру және тарату;
 жарғыны оған енгізілген өзгертулер мен қосымшаларды бекіту, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне ықпал жасау;
 негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
 әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерде ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттау, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
 негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарын мемлекеттік деңгейдегі білім беру құжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етіп, тапсырыстарды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауға алу;
 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқару орындарына жүктелген басқа да құзіреттіліктерді жергілікті мемлекеттік басқару талаптарына сай жүзеге асыру.
55. Уәкілетті органның өз саласына сәйкес құзыреттілігі:
- мектеп басшысының тағайындалуы;
- білім беру мониторингін жүргізу;
- ҚР заңнамаларымен қарастырылған басқа да өкілеттіліктер.
56. КММ басқару демократиялық қағидаттар, жариялылық, ашық түрде және өзін-өзі басқару жүйесі негізінде жүзеге асады.
57. Білім беру ұйымында басқарудың алқалық ұйымдары құрылады. Білім беру ұйымын алқалық басқару формасы білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік) кеңестер түрінде болуы мүмкін, жұмысты ұйымдастыру мен жұмыс түрін таңдау тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган арқылы бекітіледі.
58. КММ-ге басшылық етуді Орал қалалық білім басқармасынан байқау нәтижесінде немесе ауыстырылуы бойынша тағайыңдалған директор тікелей жүзеге асырады. Мектеп директоры біліктілік талаптарда, еңбек келісімі мен осы Жарғыда қарастырылған функциональдық міңдеттеріне сай өз қызметі үшін толық жауапты. Білім беру үйымында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жағдайына жеке өзі жауап береді.
12
59. Мектеп басшысының уәкілеттілігі.
КММ қызметін жүзеге асыруы барысында КММ басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) КММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттік аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқару органы жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
11. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ МҮЛКІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
60. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
61. КММ-нің дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
62. КММ қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
63. КММ бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
64. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
12. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
13
65. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім заңы», «Еңбек кодексі», Жарғы және басқа да нормативті актілермен анықталады.
66. Мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілер құқылы:
 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
 білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
 оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
 өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
 білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
 қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына ауысуға;
 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
 спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
 өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
 өзінінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
 оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеуге және сыйақы алуға құқығы бар.
Оқушыларды қоғамдық партияларға кіргізуге, сондай-ақ осы ұйымдардың қызметіне тартып, қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың, компаниялардың, саяси акциялардың үгіт шараларына қатыстыруға болмайды.
Мектеп білім беру саласында діни білім беру мен руханияттан тыс мемлекеттік саясат қағидаларын сақтайды
67. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Білім алушы білім ұйымының бекіткен мектеп формасын киюге, сақтауға міндетті:
Күнделікті және мерекелік форма – сұр түсті.
Парадтық киім үлгісі – ақ көйлек, сұр шалбар (белдемше);
Іскерлік киім үлгісі – «жоғарғы жағы» бір түсті ашық емес, сұр классикалық шалбар (белдемше). Белдемше «белде», ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары болмауы керек. Шалбар да «белде» болуы керек. Жейденің ұзындығы түсіп тұруы керек (қолды көтеру кезінде іші көрінбеу керек). Шалбарды тым қысқартып киюге болмайды.
Ауыстыратын аяқ киімнің болуы міндетті. Спортзалдағы сабаққа спортқа арналған форма мен аяқ киім кию керек.
Шашты бояуға, жайып жүруге, мехенди, татуаж, пирсинг жасауға болмайды.
Мектеп формасына түрлі бағыттағы діни нақыштарды қосуға болмайды.
14
Мектеп формасына білім беру ұйымының айрықша белгілері орналастырылады. Олар киімнің немесе аксессуардың жоғарғы бөлігінде орналастырылады (бешпент, желет, галстук).
Мемлекеттік мекемеде оқушыларға қандай да бір дінге жататынын көрсететін киім киюге (хиджап, никаб, бурка, паранжа, тюрбан т.б.) тыйым салынады.
Оқушылар мен тәрбиеленушілерге сабақ кезінде және үзілісте ұялы телефондарды, планшеттерді қолдануға тыйым салынады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығын күтуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнындағы дәстүрлерді құрметтеуге міндетті.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
68. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің:
 баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
 ата-аналар комитеттері арқылы, Құрылтай кеңесі арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
 білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
 өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтен көмек алуға;
 балаларының шарттық негізде қосымша қызмет түрлерін алуына құқығы бар.
69. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
 балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
 мектеп Жарғысында көрсетілген ережелерді орындауға;
 балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті. Бір себептермен сабақ қалдырған жағдайда ата-аналар тәулік ішінде сынып жетекшісіне хабарласып, қалу себебін нақтылайтын құжаттар ұсынуға міндетті: 1-3 күн жіберсе – ата-аналардың түсініктемесі, 3 күннен артық болса – медициналық анықтама талап етіледі.
70. Педагог қызметкердің:
 кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметімен айналысуға;
 ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
 жеке педагогтік қызметке;
 тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
 білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға:
15
 ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
 санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға,
 педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермелерге;
 өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір – қасиетінің қорғалуына;
 лицей қызметі мен қызметкерлерінің білім беру және экономикалық көзі болып табылатын материалды актив түріндегі интеллектуалдық меншіктілігін қорғауға (ғылыми, әдістемелік еңбектер, бағдарламалар, білім беру және ақпараттық технологиялар т.б.);
 әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруына;
 ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілін сақтай отырып, шығармашылық демалыс алуға;
 жыл сайын 56 күндік төленетін еңбек демалысын алуға;
 білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
Мұғалімнің жұмыс уақыты мен жұмыс жасау тәртібі мекеменің ішкі еңбек тәртібімен сәйкес айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшылық тудырмауы қажет.
71. Педагог қызметкер:
 өзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
 мектептің қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес педагогикалық қызметкерге қойылатын біліктілік талаптарын орындауға;
 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
 білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
 білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, құзіреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
 өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
 бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
 педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
 оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдептік нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
13. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ 72. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес құрылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары талаптарына қайшы емес.
16
14. ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
73. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесі арқылы жүргізіледі және Құрылтайшы бекітеді.
74. Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар белгіленген тәртіппен заң органдарынан тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
15. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАРАТУ ТӘРТІБІ
75. Мекеменің қайта құрылуы немесе таратылуы жергілікті атқару органының шешімімен жүргізіледі.
76. Мемлекеттік заңды тұлға да Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған басқа негіздер бойынша таратылады.
77. Коммуналды заңды тұлғаның таратылуы мен қайта құрылуын жергілікті атқару органы жүзеге асырады.
78. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның несиешілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін уәкілетті орган мемлекеттік (жергілікті атқару органы) мүлік ретінде қайта таратады.
79. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның несиешілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған ақшасы осы заңды тұлғаның мүлкін тарату нәтижесінде алынған қаражатымен қоса сол саладағы бюджеттің кірісіне аударылады.