Лицей оқушысының жадынамасы

Лицей оқушысының құқығы бар:

  • өзінің адамдық қасиеттерін құрметтеуге
  • өзгелердің намысына тимей, өмір туралы өз ойларын ашық білдіруге
  • сынып жетекшісіне, директорға, оның орынбасарына, психологқа өз мәселелерін айтып, педагогикалық тұрғыдан кеңес, түсінік алуға
  • пәнді меңгеру кезінде қиындық туған жағдайда өзінің жеке белсенділігін көрсете отырып, білім алуға
  • бақылау жұмыстары мен сынақтардың мерзімін уақытында хабарлауға
  • оқу жоспарына сай оқу сабақтары арасында демалыс үшін үзіліс алуға
  • үздік оқыған жағдайда, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда жеңісі болса материалдық сый алуға
  • білім мен кәсіби дайындыққа қатысты қажетті де қол жетімді ақпарат алуға.

 

Лицей оқушысының міндеттері:

  • оқу және жұмыс істеу, өз мемлекетінің нығаюы үшін лайықты еңбек етуге дайындау. Қазақстан Республикасының Әнұранын білу, Әнұранды, Елтаңбаны, Туды құрметтеу
  • лицей ұжымы үшін әрекет ету, лицей дәстүрін сақтап, беделін көтеруге жұмыс істеу
  • сабаққа жүйелі, нақты дайындалу, сыныптан тыс және қосымша сабақтарға қатысу, міндетті оқу сабақтарынан қалмау
  • лицейдің дүние мүлкі мен оқу құралдарын сақтау
  • лицейде, одан тыс жерлерде өзін мәдениетті ұстау
  • әдемі сөйлеуге өзін үйрету
  • үлкендерге, басқа адамдардың көзқарасы мен ой-пікіріне сый-құрметпен қарау
  • педкеңес, мектеп кеңесі, директордың, оның орынбасарларының сынып жетекшісінің шешімдерін, нұсқауларын орындау
  • өз денсаулығын сақтау, техникалық қауіпсіздік талаптарын орындау
  • лицейдің эстетикалық келбетін жақсартуға көмектесу, тазалық пен тәртіпті сақтау
  • лицейде, оның аумағында темекі шекпеу, алкогольді ішімдіктер мен есірткілік заттар қолданбау.