«Герань» жобасын 7б және 7в сыныптары жалғастыруда

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

«Герань» жобасын 7б және 7в сыныптары жалғастыруда. Басқа да лицей оқушылары сияқты олар да қыркүйек айында герань тұқымдарын көбейтуге алған болатын. Әр сыныптың әр оқушысына жерге отырғызылған гүл сабақшалары берілген болатын, балалар оларды күтіп-баптап, уақытымен үлкенірек ыдысқа отырғызулары керек еді. Екі сыныпқа жалпы саны 50 гүлден бөлінген. Қысқы ұйқыға кетпес бұрын тұқымдарын сабағымен ажыратып алу өсімдік тіршілігіндегі маңызды кезең саналады.

Бұл жоба сынып ұжымын біріктіруге көмектеседі, себебі кейбір оқушылар бір-бірімен хабарласып, тәжірибе алмасып отырды. Осыны ескерсек, 7-сынып оқушылары лицей табалдырығын аттағаннан-ақ, сынып ұжымы болып қалыптаса бастады. Бұдан басқа жоба аясындағы жұмыс барысында оқушыларда ұқыптылық, жауапкершілік, ұйымшылдық, еңбекқорлық, орындаушылық сияқты қасиеттер пайда болады. Кейбір балалардың гүлді жақсы баптағаны сондай  - герань биіктігі 50 см-ге, сабағының диаметрі 2 см-ге жеткен, бұл – тамаша нәтиже.  Алайда мұндай нәтижеге барлығы бірдей жете алмаған: 7б-сыныбында 19 өсімдік, 7в-сыныбында 13 өсімдік қалып қойды.

Балалардың айтуынша, өсімдіктердің өлуі олардың тәжірибесіздігінен болған, суды көп құйғандықтан, гүлдің тамыры шіріп кеткен. Кейбір балалар үйдегі жануарлардың кесірінен гүлді өсіре алмаған.

Бұл жоба бойынша гүл тек бөлмені сәндендіріп тұрмайды, сонымен қатар пеларгония-герань адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіне, психологиялық, энергетикалық жағдайына оң әсер етеді.

«Герань» жобасына қызығушылық танытып, белсене қатысқан оқушыларға көп рақмет!

 

Осы сыныптардың өсірген гүлдерін тамашалаңыздар.

 

 

     7 «В»


 

    7 «Б»

Иван Озарко галереясы