8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні

7 наурыз күні лицейде Халықаралық Әйелдер күніне арналған мектепішілік шара өтті. Бұл жылы жауапты сынып 10в-сыныбы болды, жетекшісі Полуянова Н.Н.

10в-сынып оқушылары таңертеңнен бастап лицейдің барлық әйелдер қауымын  әнмен қарсы алып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Үлкен үзілістерде лицейдің ең нәзік сұлуларына арнап мерекелік концерт қойылды. Аналарға арналған өлеңдер оқылып, оқушылардың аналарына өз сезімдерін білдіруі туралы бейнебаян көрсетілді.

Мереке соңында заманауи әуендер қойылып, би кеші ұйымдастырылды.

Осы тамаша көктем мерекесіне қатысқан барлық балаларға үлкен алғыс айтамыз!!!