Жемқорлыққа «ЖОҚ» деп айтыңыз!

№35 мектеп-лицейінің тәрбие жұмысында оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға аса мән беріледі. Лицей оқушылары сыбайластық туралы біліп қана қоймай, мұндай әлеуметтік құбылысқа қарсы тұра да білулері керек. Сыбайластық деген не? Бұл – саяси қайраткерлер мен қызметтегі тұлғалардың сатылуы немесе оларды сатып алу. С.И.Ожегов  та мынадай анықтама берген: «Сыбайластық – заңсыз баю, пара алу, ұрлау немесе мафиялық топ құру сияқты әрекеттерімен көрінген саясаткерлер мен заңды тұлғалардың адами азғындауы».

«Сыбайластық» сөзі белгілі бір қызметі үшін материалды сый алумен байланысты адамдардың арам әрекетін білдіреді. Бұл қандай да бір заңсыз әрекетке сөз байласқан екі адамның диалогі. Басқаша айтқанда, сыбайластық – жалпыадамзаттық құндылықтардың – дұрыс тәртіптің бұзылуы. Сыбайлас жемқорлық – «адалдық» сөзінің антонимі.

Лицейдің жалпы мектепішілік тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес оқушылардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын қалыптастыру бойынша сынып сағаттары өткізіледі.

2019 жылдың 11 наурызында лицейде 11-сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін бе, мүмкін емес пе?» деген тақырыпта пікірталас турнирі өтіп, мемлекеттік саясатты толық қолдай отырып, билік құрылымындағы және әкімшілік ішіндегі пара алу сияқты заң бұзушылық мәселелерін ойын барысында талқылады.

Балалар турнир аясында заң актілерінен өз құқықтарын біліп, жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарға тап болған кезде қалай әрекет ету керектігі туралы меңгерді. Заң қатаң, - ол заң! Сондықтан балалар Қазақстан Республикасының әр азаматының құқығы мен бостандығының бұзылуына қатысты Елбасы саясатын қолдайтындарын білдірді.