«Герань» жобасын 7а

Жаңа оқу жылы жаңа енгізілімдерге толы болды, солардың бірі – «Пеларгония-герань» гүлін өсіру бойынша жоба. Бұл шараның мақсаты – тек сыныптарды ғана безендіру емес, дәліздер мен кітапхананы да гүлдендіру. Бұл үшін әр оқушы өздеріне берілген гүл тұқымдары мен сабақтарын өсіріп әкелуі тиіс. Ағымдағы аптада атқарылған жұмысы бойынша 7а-сыныбы есеп берді. Жобаға 26 оқушы қатысты, алайда қазіргі уақытта гүлдеген гераньді фото арқылы көрсету бойынша 7 оқушы ғана есеп берген: Джальмишева А., Голенко Я., Курбаналиева Р., Доля К., Сятов Т., Абдрахманов Т., Аубекеров А. Солардың ішінде тек екеуі ғана – Голенко Яна мен Сятов Тимур пеларгонияны басқа ыдысқа ауыстырып отырғызып, өсімдіктің жақсы тамырлануына жағдай жасаған.


Дуйсекенова Дильназ 10 «В»

Иван Озарко галереясы