MIS MUN-2019 конференциясы. БҰҰ моделі

2019 жылдың 21 ақпанында Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі» конференциясының дәстүрлі ашылуы болды.

Конференцияның тақырыбы – «Төртінші өндірістік төңкеріс: білім беруді дамытудың жаңа бағыттары».

Бұл шараға Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург және Алматы сияқты  қалалар мен әр түрлі елдерден 200-ден астам оқушылар қатысты. Дәстүр бойынша осы шараға №35 мектеп-лицейінің оқушылары да қатысты. Команда құрамында қалалық және облыстық деңгейдегі пікірталастардың тәжірибелі қатысушылары Абдрахимова Элина, Әлжанов Әліби, Ескалиев Әлішер, Итегулов Ислям және Камиев Диас болды. Әр қатысушы өз елін таныстырып, саяси және экономикалық сипаттағы маңызды мәселелерді баяндады.

MIS MUN-2019 конференциясының ашылу салтанатына ресми тұлғалар, елшілік мақсатты көздеген өкілдер, БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдері, ұстаздар мен қатысушы-делегаттар қатысты.

Конференция қатысушыларын Сүлейменов Төлеутай Сқақович (Тәуелсіз Қазақстанның Сыртқы істер жөніндегі І министрі, 15 ел бойынша төтенше және өкілетті өкілі, академик, доктор және профессор), Алексис Шахтахтинский  мырза (Францияның Алматы қаласындағы бас елшісі), Абдурахим Мухидов мырза (Қазақстандағы БҰҰ-ның ақпараттық орталық жетекшісі), Лине Бенете ханым (Юнесконың бағдарламалық білім бойынша маман), Басит Салим Шах мырза (Пакистандағы Ислам Республикасы елшілігі, коммерциялық мәселелер бойынша кеңесші.) Хадари Фарқат (Ауғанстан Ислам Республикасының Алматыдағы бас елшілігінің екінші хатшысы), Юлия Ким ханым (ЮНЕСКО қауымдастық мектептерінің Ұлттық координаторының көмекші атқарушысы), Ақмарал Оразиман (ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің бірінші хатшысы) қарсылап, сәттілік тіледі.

Балалар мына мәселелер бойынша талқылауларға белсене қатысты: қоршаған ортаның жаһандық мәселелері, заманауи қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық және қаржылай қиындықтары, адам құқығы, қауіпсіздік шаралары, денсаулық мәселелері.

MIS MUN-2019 конференциясы балаларға БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерімен кең байланыс орнатуға зор мүмкіндік береді. Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеті – мәдениеттің алуан түрлілігін зерделеу, жаһандық мәселелерді түсіну, пікірталас арқылы білім, білік дағдыларын дамыту, өз қызығушылығын арттырып, әлем азаматына айналу.

Конференция қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі басты мәселелерді қамтыған нұсқау қабылданды . Конференцияның барлық қатысушыларына белсенділігі үшін  сертификат табыс етілді.







Иван Озарко галереясы