2019 жылдың 28-30 наурызында Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясында Облыстық білім беру басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинеттің қолдауымен «Тарихи полилог» атты семинар-практикум өтті.

2019 жылдың 28-30 наурызында Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясында Облыстық білім беру басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинеттің қолдауымен «Тарихи полилог» атты семинар-практикум өтті.

№35 мектеп-лицейінің ұстаздары да қатысқан бұл шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңартылған білім мазмұны аясында гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерімен танысу.

Үш күн бойы Қазақстан тарихы мен өлкетануды оқытудың түрлі аспектілері бойынша жанама сессиялар өткізілді, оқыту тренингтері, «Туған өлкеміздің тарихи тұлғалары мен көрнекті жерлері» тақырыбында тарихи квест-ойын жүргізілді, «Рухани жаңғыру» мұражайына бару, ЖОО оқытушыларымен кездесу шаралары өтті.

Семинар аясында лицейіміздің тарих пәні мұғалімдері де өз тәжірибелерімен бөлісті. Тарих пәні мұғалімі Т.Ж.Мутигулина сабақтарда және сыныптан тыс шараларда пікірталас технологиясын қолдану және өткізу бойынша оқыту тренингін жүргізді. Тренинг ойын түрінде ұйымдастырылып, семинар тыңдаушылары белсене қатысты.  Өткізілген шаралар дөңгелек үстел басында қорытындыланып, тарих мұғалімдерінің әдістемелік жұмысының түрлі аспектілері бойынша ұсыныстар қабылданды.

Семинар соңында қатысушылар облыстық білім басқармасының сертификаттарын иеленді.



Иван Озарко галереясы