Лаңкестікке қарсы дайындық күні

2019 жылы 26 қыркүйекте №35 мектеп-лицейінде лаңкестікке қарсы дайындық күні аясында оқу-жаттығу дабыл өткізілді.

Лицейде 4-сабақтың екінші жартысында дабыл қағылып, ғимаратты тез арада босату туралы ескерту берілді. Мұғалімдер жеткілікті уақыт ішінде барлық балаларды негізгі және қосымша шығу есіктері арқылы алып шықты. Хаттамаға сәйкес, әр мұғалім оқушы саны бойынша жауапты әкімшілік өкіліне есеп берді.

Көшудің белгіленген уақыты 3 минут 20 секундты құрады.