«Герань» жобасы. 11-сыныптар

Лицейде «Герань» жобасы бойынша есеп беретін кез жетті. Бүгін 11-сыныптар өз нәтижелерімен бөлісті. Барлық лицей оқушылары сияқты олар да герань тамырларын алған болатын. Тамырланған гүл сабағын күтіп баптап, уақыты келгенде үлкенірек ыдысқа отырғызулары керек. 3 сынып барлығы 71 гүл тамырын алған болатын. Кейбір оқушыларда герань 20 см-ге дейін өскен, сабағының диаметрі 1 см, бұл өте жақсы нәтиже. Бірақ бұл жетістікке барлығы бірдей жете алмаған. Кейбір оқушыларда герань әлі тостағандарда өсіп жатыр, үлкен ыдысқа отырғызылмаған. 11б және 11в-сыныптарында барлық герань сақталған, ал 11а-сыныбында 24 өсімдіктің 16-сы ғана сақталған.

Балалар мұны күтіп баптау тәжірибелерінің аз болғандығынан деп түсіндіреді. Суды көп құйып, шірітіп алған. Одан басқа да факторлар: үй жануарларының болуы, бөлмеге күн түспеуі т.б.  Биыл герань лицей ішінде терезе алдында өсіп тұр, кез келген уақытта сабағын алып тамырландыруға болады. Сондықтан 11а-сыныбы аптаның аяғында тағы да 8 герань сабағын алады. Бұл жоба тек лицей ауласын ғана емес, дәліздерді де көріктендіруге көмектеседі. Әрі герань денсаулыққа да өте пайдалы, жүрек-қан тамырларына, адамның психологиялық¸, энергетикалық жағдайына жақсы әсер етеді.

«Герань» жобасына қызығушылық танытқан балаларға алғыс білдіреміз!!!

Осы сыныптардың герань өсіруі бойынша фотосуреттері мен бейнебаяндарымен бөлісеміз.

Биология мұғалімі: Никифорова Т.П.

 

11а-сыныбы

11б-сыныбы

11в-сыныбы