№35 мектеп-лицейі - қабылдау емтихандары мен психологиялық тесттен сүрінбей өткен 12-17 жас аралығындағы балаларды оқытуға бағытталған қалалық білім беру мекемесі.
Лицей қабілетті де дарынды балалардың толыққанды білім алып, шығармашылық сұраныстарын жүзеге асыруына, тереңдетіліп оқытылатын пәндерді өз бетімен таңдауына мүмкіндік береді, ғылыми жұмыс дағдыларын меңгеруіне жәрдемдеседі, жоғары оқу орнына дайындық жұмыстарын жүзеге асырады.
Лицейде жалпы білім беру және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту (физика-математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану) жүзеге асырылуда.
Лицейдегі білім беру үрдісі көп деңгейлі және бейімдік саралау бойынша жүргізіледі.
Бейімдік оқытуды қалыптастыру шынайы қабілеттілік, оқу деңгейі, оқушылардың сұранысы мен педагогикалық консилиум мен кеңестік ұсынысы негізінде жүзеге асырылады, Сыртқы саралау жеке, деңгейлік бейімдермен сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта лицейде 42 педагог жұмыс істейді. Олардың 22-сі жоғары санатты, 10-ы бірінші санатты мұғалімдер, бұл ұжымның 76,2%-ын құрайды. Лицей ұжымы – бір мақсатты көздеп, соған жету жолында зор әдістемелік жұмыс жүргізіп келе жатқан біртұтас ұжым. Мектептің 12 ұстазы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2 ұстаз Алтынсарин атындағы медальмен, 1 ұстаз «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1 ұстаз «Мұғалім - зерттеуші» төсбелгісімен марапатталған.
Лицейдің педагогикалық ұжымы қала бойынша ең мықты ұжымдардың бірі саналады. Мұғалімдер әр түрлі қалалық, облыстық, республикалық семинар, конференциялар, ОТМ басшылығы, ОБЖИ дәріс оқу, аттестациялық, емтихан, қалалық ББ, ОББ, БҚМУ, БҚАТУ жюри мүшелігіне қатыстырылады.
Мектеп-лицейдің инновациялық қызметінің негізгі бағыттары: жаңа мектеп жағдайында денсаулық сақтаушы орта қалыптастыру; мектептің ресурсты-ақпараттық орталығын құру; дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру. 2011 жылдан бері - республикалық «Білім беру технопаркі, Биоинформатика және синергетика» жобасының қатысушысы.
Осы оқу жылында лицейде 374 оқушы білім алуда.
Лицей барлық оқушылардың қабілеттерін дамытуға тырысады, бірақ ең қабілетті де дарынды балалармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Сол мақсатта олимпиадалар, білім байқаулары, ғылыми-практикалық конференциялар, дебаттар өткізіледі, лицей оқушыларының қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысуын қамтамасыз етеді.
5 жыл бойы оқушылар сапалы да жоғары білім дағдыларын меңгереді, бұл оларға олимпиада, байқау, турнир, регата сияқты шығармашылық жарыстарда қала, облыс, республика және халықаралық деңгейде табысқа жетулеріне көмектеседі.
Лицей оқушыларының әр жылдардағы жетістіктері:
2002-2003 о.ж. – қалалық - 54, облыстық - 14, халықаралық - 3
2003-2004 о.ж. – қалалық - 89, облыстық - 46, республикалық - 1
2004-2005 о.ж. – қалалық - 80, облыстық - 52, халықаралық - 5
2005-2006 о.ж. – қалалық - 95, облыстық - 17, республикалық - 1, облыстық регата – 2, халықаралық - 5
2006-2007 о.ж. – қалалық - 95, облыстық - 39, республикалық - 4, халықаралық Flex бағдарламасы - 17
2007-2008 о.ж. – қалалық - 121, облыстық - 45, республикалық - 8, халықаралық Flex бағдарламасы - 18
2008-2009 о.ж. – қалалық - 120, облыстық - 41, республикалық - 6, халықаралық Flex бағдарламасы - 15
2009-2010 о.ж. – қалалық - 145, облыстық - 44, республикалық - 4, халықаралық Flex бағдарламасы - 9
2010-2011 о.ж. – қалалық -137, облыстық - 51, республикалық - 19, халықаралық Flex бағдарламасы - 6
2012-2013 о.ж. – қалалық - 184, облыстық - 73, республикалық – 46, халықаралық – 7
2013-2014 о.ж. - қалалық - 164, облыстық - 96, республикалық – 23, халықаралық – 12
2014-2015 о. ж. – қалалық – 167, облыстық – 75, республикалық – 37, халықаралық – 4;
2015-2016 о. ж. – қалалық – 133, облыстық – 79, республикалық – 12, халықаралық – 20;
2016-2017 о. ж. – қалалық – 181, облыстық – 86, республикалық – 14, халықаралық – 7.
№35 мектеп- лицейі жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі - ҰБТ қорытындысы.
2002-2003 о.ж .- 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 3; орташа балл - 73,8; жоғары балл - 108.
2004-2005 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 23; орташа балл – 92; жоғары балл - 120 (қала бойынша орташа балл - 62,1)
2005-2006 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 28; орташа балл - 94,5; жоғары балл -116 (қала бойынша орташа балл - 65)
2006-2007 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 28; орташа балл - 99,8; жоғары балл - 115 (қала бойынша орташа балл - 68)
2007-2008 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 32; орташа балл - 97,22; жоғары балл -119 (қала бойынша орташа балл -74,5)
2008-2009 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 30; орташа балл - 94,65; жоғары балл - 121
2009-2010 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 39; орташа балл - 103,18; жоғары балл - 122
2010-2011 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 43; орташа балл - 103,57; жоғары балл - 121
2011-2012 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 11; орташа балл – 92,4; жоғары балл - 117
2012-2013 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 34; орташа балл – 100,25; жоғары балл - 119
2013-2014 о.ж. - 100 және одан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 30; орташа балл – 99,24; жоғары балл - 118
2014-2015 о. ж.–100-ден жоғары балл жинаған оқушылар саны – 24; орташа балл – 99,24; жоғарғы балл – 124;
2015-2016 о. ж.–100-ден жоғары балл жинаған оқушылар саны – 35; орташа балл – 99,2; жоғарғы балл – 121;
2016-2017 о. ж.–ҰБТ тапсырған оқушылар саны – 15; 100-ден жоғары балл жинаған оқушылар саны – 8; орташа балл – 98,5; жоғарғы балл – 126;