Лицейдің тарихы

1991 жыл
Қалалық халыққа білім беру басқармасының шешімімен Орал қаласында физика-математикалық лицейі ашылды.Тұжырымдама мен лицей жарғысының құрылуы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен ғылыми-практикалық байланыс орнату.
1992-1994 жыл.
Материалдық базаның жасақталуы. Мамандар іріктеу, тағайындау. Мұғалімдердің шығармашылық ізденістері. Педагогикалық қызметтің бағыты мен тактикасын анықтау, өзіне тән ерекшелігі бар лицей дәстүрлерімен қалыптасуы,19 қазан - лицей күні. Лицей оқушысының кодексін енгізу.
1994-1995 жыл.
Гуманитарлық бағыттағы сыныптардың ашылуы. Авторлық және бейімделген бағдарламалар мен курстар құрастыру. Қосымша білім беру қызметтерінің желілерін құру.
1996 жыл.
7-сыныптарға лицей алды жинақтау курстарын жүргізу. Сорос қоры бағдарламасына «ОНН моделін», «Дебат» енгізу. Сорос қорының екінші гранты алынды. Электронды поштаға қосылу.
1997 жыл.
Химия-биологиялық сыныптардың ашылуы, «Интернет» желісіне қосылуы. Сорос қорының «EARN» бағдарламасына кіру.
1998-1999 жыл.
Классикалық лицейдің қалыптасуы. Ғылыми-практикалық байланыстар. Мұғалімдер мен лицей оқушыларының облыстық және республикалық конференцияларға қатысуы. Жоғары оқу орнына дайындық орталығын қалыптастыру.
30 маусым 1999 жыл
№35 мектеп-лицейі халықаралық келісім және мәдени байланыс, қоршаған ортаны қорғау жобалары бойынша ЮНЕСКО (БҰҰ) аясындағы халықаралық мектептер ассоциоциясының мүшесі болды. Республикалық мектепті басқару моделі байқауында 3 орын, жеке- бағытталған оқыту жағдайында оқушылардың интеллектің дамыту динамикасы әдістемелік мәселесі бойынша жұмыс жүргізіле бастады.
2000 жыл.
№35 мектеп – лицейі «Жыл мектебі- 2000» республикалық байқауының лауреаты атанды. Жыл қорытындысы бойынша - облыс мектептері арасында 1 орын. Мектеп базасында халықаралық АРТЕСН компьютерлік технологияларын оқу орталығының филиалы ашылды. Мектептің жұмыс тәжірибесі Республикалық ПКБЖ КДИ жанындағы білім беру технологияларының мәліметтер жинағына енгізілді. Мектеп валеологиялық мониторинг жүйесін құру. 2000 жылдан бастап лицей оқыту нәтижелері бойынша республикадағы үздік 100 мектеп қатарына кірді.
2001-2002 жыл.
«Азаматтық даму», «Волонтерлік», «Жас лидерлер ассоциациясы» республикалық бағдарламаларына қатысу. Мектеп базасында «Жас лидерлер ассоциациясы» республикалық орталығының филиалының ашылуы, «Қабілетті және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік мәселесі бойынша жұмыс жүргізіле бастады. Қала мектептері арасында 1-орын, қалалық олимпиадада командалық 1-орын.
2003-2004 жыл.
«Өтпелі тоғай» экологиялық жобасына Орал өңірі ормандарын қалпына келтіру бойынша қатысу. Қалалық және облыстық педагогикалық оқуларға мұғалімдердің қатысуы. Авторлық бағдарламалар бойынша облыстық және республикалық байқауларда 1,2,3 орындар және диплом.
2004-2005 жыл.
№35 мектеп-лицейі - «Инновациялық мектеп жағдайында денсаулық сақтаушы орта қалыптастыру» бағыты бойынша эксперимент алаңы. Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктер бойынша қала мектептері арасында 1-орын, ҰБТ қорытындысы бойынша қала мектептері арасында 1- орын, «Дарын» республикалық авторлық бағдарламалар байқауына қатысуы. ҰБТ нәтижесі бойынша лицей Қазақстандағы үздік мектептер қатарына кірді.
2006-2007 жыл.
Лицейдің Web-сайтының құрылуы («Мектеп салты - 2007» облыстық байқауында гран-при), скалодромның ашылуы, Жайық өзенінде жүзу. Тау және су туризмін дамыту. Мектеп-лицейі - денсаулық сақтаушы орта қалыптастыру бойынша облыс мектептерінің тірек мектебі.
2007-2008 жыл.
«Ашық мектеп» инновациялық мектептер байқауында облыста 1-орын. Мектеп базасында облыстық тақырыптық семинарлар, Оn-line тәртібі бойынша химия мен ағылшын тілінен ҰБТ-ға дайындық интернет-кеңестері жүргізілді. Математика, информатика, ағылшын тілі басқару жүйесі бойынша қалалық және облыстық ОТМ қызмет етеді.
2008-2009 жыл.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың көпдеңгейлілігі. Лицейдегі әдістемелік жұмыстың мақсаты - ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату педагогтардың шығармашылық дамуына жол ашуы. «Алтын диск» байқауында - гран-при, 1 – орын. «Ақпаратты сауатты мұғалім» - 2 - орын, «Жыл мұғалімі – 2009» 3- орын 2009 – 2010 жыл. Мектепте бірыңғай ақпаратты орта құру, оқу кабинеттерін ақпараттық – коммуникативті оқу құралдарымен жабдықтау. «Үздік ақпараттық мектеп» облыстық байқау 1-орын.
2010 -2011 жыл.
Лицей – «Алтын белгіге» үміткерлерді дайындау бойынша базалық мектеп «Инновациялық мектеп жағдайында денсаулық сақтаушы орта қалыптастыру» облыстық эксперименттік алаңының жұмысы қорытындыланып аяқталды. Осы жоба бойынша жұмыс презентациясы директорлардың қалалық семинарларында көрсетілді, ОБЖИ жарияланды.
2011-2012 жыл.
Лицейдің кұрылғанына 20 жыл. 65-тен астам отбасы өз балаларының білімін лицеймен байланыстырады. Лицей түлектері арасында – ҚР Сыртқы істер Министрлігінің Иран мен Ресейдегі төрағалары, ҚР Президенті аппаратының қызметкерлері, АҚШ, Ресей, Австралия, Англия, Қазақстан ғылыми интеллигенциясы, 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, ЖОО мен колледждер оқытушылары, Британ өнер Академиясының музыканттары, танымал клиникадағы дәрігерлер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, кәсіпкерлер. Мектеп түлектері Қазақстан, Ресей, Белорусия, Англия, АҚШ, Канада, Чехия, Болгария, Қытай, Малайзия, БАЭ тағы да басқа елдерде оқиды. Лицейде алған білім, білік, дағдылары мектеп түлектеріне өмірден өз орнын табуға көмектеседі, өз жоспарларын жүзеге асыруға жол ашады. Олардың алдында үлкен әлемнің есігі ашылады, олар лицей атағын құрметпен алып жүреді. Туған еліне, қаласына, өз мектебіне даңқ әкеледі.

2012-2013 оқу жылы

Мектепте 41 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 28-і жоғары санатты, 5-і бірінші санатты мұғалімдер, бұл ұжымның 80%-ын құрайды. ҰБТ-ның орташа балы – 92,45, ең жоғарғы балл – 119.

167 оқушы түрлі деңгейлердегі олимпиадаларда жүлделі орындар иеленді, лицей мұғалімдері 6 қалалық, 2 облыстық семинар ұйымдастырып, 37 ашық сабақ көрсетті.

Мектеп «Білім беру технопаркі. Биоинформатика және синергетика» Республикалық эксперименті бойынша жұмыс істейді.

2013-2014 оқу жылы

Лицей мемлекеттік аттестациядан өтті. Мектепте ұжымды сенімді қарым-қатынасқа бағыттайтын басқарудың демократиялық үлгісі қалыптасқан. Лицей мақсаты – ұжымда педагогтар мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетін жағымды орта құру.

Үш мұғалім деңгейлік курстардан өтіп, І деңгейдің сертификатына ие болды. 20 педагог түрлі деңгейдегі байқаулардың әділқазы мүшесі, сараптамашы, кеңесші ретінде шақырылды. 5 мұғалім республикалық және халықаралық деңгейлердегі байқаулар мен олимпиадаларда І орын иеленді.

ҰБТ бойынша орташа балл – 100,25. Ең жоғарғы балл – 118 (Джумагалиева А).

Лицей ата-аналар қоғамдастығымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл жылы Қамқоршылық кеңес арқасында алғашқы әскери дайындық сабақтарын, алғашқы және соңғы қоңырау мерекелерін өткізуге арналған алаң салынды. Демеушілердің көмегімен бірнеше кабинеттерде терезелер ауыстырылып, қазақ тілі кабинеті күрделі жөндеуден өткізілді.

2014-2015 оқу жылы

Дарынды балалармен жұмыс істеудегі мектептің негізгі стратегиялық мақсаты – балалардың дарындылығын дамыту үшін педагогикалық тұрғыдан біріге әрекет ету жүйесін құру. Лицейдің қосымша білім беру жүйесі оқушыларға көркем шығармашылықпен, спортпен айналысуларына мүмкіндік береді. Мектепте «Театр студиясы», «Қолданбалы-декоративті өнер», «Гитара», «Пікірталастар», «Турклуб», «Шейпинг», «Атлетикалық гимнастика» сияқты үйірмелер жұмыс істейді.

Бұл жылы лицей оқушылары түрлі олимпиадалар мен байқауларда көп мөлшерде І орынға ие болды: 26-қалалық олимпиадада, 6-облыстық олимпиадада, 1-республикалық олимпиадада; 1-республикалық ғылыми жобада, 1-халықаралық ғылыми жобада; 29-қалалық байқаулар мен зияткерлік турнирлерде, 11-облыстық байқаулар мен зияткерлік турнирлерде, 13-республикалық байқаулар мен зияткерлік турнирлерде.

ЮҚМ бойынша «Тұрақты даму мақсатында білім беру» онкүндігі аясында өткен халықаралық конференцияда екі оқушы сертификат иеленді (Окаяма қаласы, Жапония).

Қамқоршылық кеңес арқасында компьютерлік техника кабинеті жаңартылды. «Жыл сыныбы» жаңа жобасы енгізілді. Оқушылар жыл бойы осы жобада жүлделі орын иеленуге тырысады. Қамқоршылық комитет педагогикалық және оқушылар ұжымымен бірігіп 4 марапат кубогын бекітті:

І – «Үздік үлгерім үшін», ІІ – «Олимпиадалар мен байқауларда ең көп жеңістері үшін», ІІІ – «Мектептің қоғамдық өмірі мен тәртібіндегі жоғарғы көрсеткіштері үшін», ІV – «Директор жүлдесі»

2015-2016 оқу жылы

Мектеп ұжымы сабақ өткізудің жеті модульдік жүйесін, оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін зерделеп, меңгере бастады.

Лицей басқару жүйесі мен оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруды, сондай-ақ білім мазмұнын қайта құру мақсатында инновациялық тәртіпте жұмыс істейді.

Лицейдің педагогикалық ұжымы білімі мен кәсібилігі тұрғысынан қаладағы ең беделді ұжымдардың бірі саналады. Мұғалімдер түрлі қалалық, облыстық, республикалық семинарлар, конференциялар, ОТМ жетекшілігі, ОБЖИ-да дәрістер оқуға, аттестациялық, емтихан, эксперттік, қайта қарау комиссияларына, қалалық білім бөлімі, облББ, БҚМУ, БҚАТУ-да қазылар алқасына шақырылады.

ЮНЕСКО қауымдастық мектептерінің «Бүгініміз – болашақтың бастауы» конференциясында екі оқушы ІІІ жүлделі орын иеленді. Мектепте балалардың спорттық дайындықтарына да көп көңіл бөлінеді. Жеңіл атлетикадан қалалық спартакиадада оқушылар командалық жарыстарға, түрлі қашықтықтарға жүгіруге, ұзындықтан секіруге және найза лақтыруға қатысып, 14 жүлделі орын иеленді. Қозғалыстық үзілістер мен Денсаулық күнін ұйымдастыруда АЮЛ тренингтеріне қатысқан оқушылардың көмегі өте зор.

2016-2017 оқу жылы

№35 мектеп-лицейі өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Қалалық білім беру бөлімі мектептің мерейтой құрметіне жаңа буынның компьютерлерін сыйға тартты.

Мектепішілік басқарудың келешек мақсаты білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығы үшін жоғары нәтижеге (білім алу деңгейі, оқушылардың тәрбиелілігі, педагогтардың кәсіби шеберлігі деңгейі) алып келетіндей жағымды кеңістік пен психологиялық орта құру болып табылады.

Мектеп шығармашылық тәртіпте жұмыс істейді. Педагогикалық ұжым жылдар бойы кәсіби қызметтің жоғарғы деңгейін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Қалалық білім беру бөлімі, облББ, «Өрлеу» КҚДҰО, ҚР білім Министрлігі тарапынан әдістемелік көмек көрсетіп, іс-тәжірибе тарату үшін мектептің 24 ұстазы (61,5%) әдістемелік жұмыстарға үнемі тартылып келеді.