Мектептің лицейге дейінгі кезеңі

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

№35 мектеп-лицейі өзінің тарихын аялап сақтай біледі.

Мектеп өмірі туралы біз ардагерлер мен бұрынғы мектеп түлектерінен сұрастырып, материал жинақтадық.

1955 жыл.

Вокзал жанындағы алаңда 1 қыркүйек күні Орынбор темір жолының Орал бекетіне қарасты №22 орта мектеп алғашқы тәрбиеленушілері алдында есігін айқара ашты (24.08.1955 ж. №725 бұйрық). Мектеп 420 орынға арналған еді.

Алғашқы директоры Ұлы Отан соғысына қатысушы, география мұғалімі Г.М.Сидоров болды. Г.М.Сидоров «Сталиндік шақыру екпіндісі», «Москваны қорғағаны үшін», «Ұлы отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Әскери еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Геогрий Михайлович мамандар құрамын қалыптастыруға, жаңа ұжымда жағымды орта қалыптастыруға, оқушыларды дайындау сапасын көтеру және материалды-техникалық базаны нығайтуға көп күш жұмсады. Басшылық дарынының, жұмысқа қабілеттілігінің, болашақты көріп, адамдарды түсіне білуінің арқасында мектепте еңбекке қабілетті ұжым қалыптасты.

Оның көмекшісі оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, математика мұғалімі Е.П.Симакова болды. Ұлы отан соғысы жылдары №533 орта мектепте аға пионер вожатый болып жұмыс істеген, ал соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Петровна оқу бағдарламаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етті.

Барлық пәндердің оқытылуын жетілдіру, мұғалім шеберлігін арттыру - оның жұмысының негізгі бағыттары.

М.М.Еремина еңбек жолын комсомол жетекшісінен бастап №22 мектептің партия ұйымының хатшысына дейін жүріп өтті. Кітапханашы, бастауыш сынып мұғалімі қызметтерін атқара жүріп, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын сырттай оқып бітірді. Бітірген соң, мектептің кәсіподақ ұйымын басқарды және екінші оқу-тәрбие ісі меңгерушісі болды. Ұйымдастырушылық қабілеті өте зор болды.

Р.М.Афанасьева іс жүргізуші хатшы болып 25 жыл істеген, оны қалалық білім бөлімі «Білімді» хатшы деп атаған, әрқашан мектеп құжаттарын бір жүйеде ұстаған. Барлық оқушыларды атымен білген, оған мұғалімдер мен оқушылар кеңес алуға жиі келетін болған.

Сидоров Георгий Михайлович 

Симакова Екатерина Петровна 

Еремина Мария Марковна 

Афанасьева Раиса Михайловна

Алғашқы ұжым тәжірибелі мұғалімдерден құралды, өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге барлық күш-жігерлерін арнады.

Білімнің негізін бастауыш сынып мұғалімдері: К.М.Резанов, Н.Д.Хохлачева, Е.Л.Зайкина, А.Н.Баклан, Р.М.Ермолаева, В.З.Соловьева, М.А.Непомнящих, А.П.Большакова, Н.И.Отливная, Т.П.Коршунова, Л.М.Букова, М.В.Потанина сияқты ұстаздар қалады. Олардың балаларға деген қарым-қатынасы, психологиясы мен педагогиканы терең білуі, шығармашылықпен жұмыс істеуі бастауыш сынып оқушыларын табысты оқытып, тәрбиелеуге мүмкіндік берді.

№22 орта мектептің педагогикалық ұжымы

Жоғарғы сынып мұғалімдері балаларды оқыту, тәрбиелеу ісін жалғастырды.

Л.А.Кубланов Ұлы Отан соғысына қатысушы, мектеп педагогы, дене шынықтыру мұғалімі. Бұрын №532 мектепте істеген. Ол спорт жұмысын ұйымдастырып, көптеген спортшыларды дайындап шығарған. Ал дене шынықтыру мұғалімдері: А.А.Трифонова мен В.В.Пашкинаның энтузиазмі қалалық спорт жарыстарында мектеп оқушыларының 1 орын алып отыруына әкелді.

Жеңіс – біздің қолымызда

П.Р.Родин Ұлы отан соғысына қатысушы, математика мұғалімі, жеке тұлға, жоғары білікті маман оқушылардың білімді меңгеруіне күш жұмсады.

А.С.Новикова, Н.М.Власова, Н.Г.Ефремова, А.У.Джулдугулова, Н.Б.Устюгова, Н.Е.Санталина, Н.Кузнецовалар - теориялық және әдістемелік дайындығы зор математика мұғалімдері. Олардың оқушылары математикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алған.

Биология, география мұғалімдарі: А.Н.Кольченко, М.И.Ларионова, Г.К.Бердышева, М.М.Еремина, А.В.Горбочева балалардың сабақта алған білімдерін практикада бекіту керек деп санады. Сол үшін мектеп аумағында тәжірибе учаскесі құрылды, күзде жерін қазып, жоспарлап, көктемде оқушылар мен мұғалімдер жеміс ағаштарын, бұталар, мәдени өсімдіктер, гүлдер отырғызды. Жазғы демалыс кезінде балалар мектеп бақшасын зор ықыласпен күтіп баптады, тәжірибе, зерттеулер жүргізді. Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында ауыл шаруашылық өнімдері көрмесіне қатысып, еңбектері үшін грамота, жүлделер алып отырды. Оқушылардың жинаған өнімі вагон депосы асханасына жіберілді, онда ұзартылған топ оқушылары тамақтанды.

Мектеп жанындағы учаскеде жұмыстың қызған шағы

Гүлзарлар – мектеп көркі

А.С.Бурмистрова, В.С.Логинова, В.А.Фадина, Т.М.Тигранян, А.Анциферова, Е.Г.Муромцева, Т.Андреева – филолог-мұғалімдер, үнемі шығармашылық ізденісте болды. Олар өз пәндерінің теориясы мен практикасын терең білуімен, оқытуда жүйелілікті қалыптастыра білулерімен ерекшеленеді. Әріптестері мен балалар олардың уақытты бағалай білетініне, материалды берудегі шеберлігіне қызығатын.

Гуманитарлық білім беру ісіне тарих мұғалімдері: Н.Ф.Сармина, Р.Л.Горшенина, Л.Е.Дрянцева, М.А.Щербаковалар да өз үлесін қосты. Олар оқушылардың әлемді танып, өз мемлекеті мен туған өлкесінің тарихымен танысуға көмектесті.

Мектеп жобасы бойынша слесарлық, ұста шеберханалары қарастырылмаған, бірақ еңбек пәні мұғалімдері: К.Ф.Жимин, Г.Соловьев мектептің подвалын шеберханаға айналдырды. Болашақ жас қыздарды Л.Н.Венедиктова ас пісірудің, тігудің құпияларымен таныстырып, шеберлікке үйретті. Үздік бұйымдар көрмесі өткізіліп, жүлделерге ие болды.

Диспут, кеш өткізуде, шығарма жазуда қиындық туа қалса, балалар мектеп кітапханашысы Т.Е.Усковаға көмек сұрай келетін. Мектептің кітап патшалығында олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап ала алатын.

50-60 -жылдары мектеп оқушылары үйірме жұмыстарына ерекше қызығатын. Әрбір бала үйірмені өз қызығушылығы бойынша таңдады. Таңдау өте үлкен еді: авиамодельдік, өлкетану, музыкалық (хор, би), интернационалдық достық үйірмелері, көптеген спорт секцияларын осы іске берілген мұғалімдер жүргізді.

Дене шынықтыру мұғалімі Пашкин В.В. ойын ережелерімен таныстыруда

Мектеп оқушылары қаланы абаттандыру бойынша сенбіліктерге қатысты, макулатура, металлолом жинап азаматтық соғыс батыры Миша Гавриловтың ескерткішін құруға өз үлестерін қосты. Тимуршылар жұмысы да жақсы жүргізілді (ардагерлерге, кішілерге көмек). Өскелең ұрпақты оқытып тәрбиелеу үшін барлық мұғалімдер халықтық білім беру бөлімінен, ағарту ісі қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінен алғыс хаттар мен грамоталар алған.

Тарих жалғасуда...

1959 жыл.

№22 мектеп 14.07.1959 ж. №42 бұйрықпен қазақ темір жолына беріліп, 01.09.1959 ж №87 бұйрық бойынша №533 орта мектеп деп аталды.

Өмір өте берді: сабақтар, қоңыраулар, педагогикалық кеңестер, мейрамдар, еңбек майданы, демалыс, мектеп бітіру кештері...

1961 жыл.

№533 мектеп ҚББ 18.01.1961 ж. №4 бұйрығымен №35 орта мектеп болып атауы өзгерді.

8 мәрте мектеп түлектерін шығарды. Кәмелетке толу аттестаттары мен алтын, күміс медальдар берілді.

Алтын медаль Күміс медаль

1955-1956 о.ж. (26 оқушы) – Мазаев Юрий Вдовина Малианна ...

1956-1957 о.ж. (29 оқушы) – ... Грачиков Георгий

1957-1958 о.ж. (25оқушы) – ... Дементьева Татьяна

1958-1959 о.ж. (30 оқушы) - .......

1959-1960 о.ж. (19 окушы) - .......

1960-1961 о.ж. (20 оқушы) – ... Сергеева Лидия Ладыгина Валентина

1961-1962 о.ж. (22 оқушы) – Каменов Владимир, Веселовская Наталья, Новикова Татьяна, Егорова Галина, Широких Евгений

1962-1963 о.ж. (31 оқушы) Якименко Галина, Соколинская Алевтина...

Қала мектептері кабениеттік оқу жүйесіне көше бастады. Мектепте сынып бөлмелері жетіспейді. Еңбек пәнін оқытуға шеберхана талапқа сай емес, сөйтіп 1964 жылы №35 орта мектеп № 35 ВЛМ болып өзгертілді.

1972 жыл.

№35 ВЛМ директоры Г.М. Сидоров және оқу ісі меңгерушілері құрметті демалысқа кетеді. Мектеп директоры болып Е.Ш.Иманғалиева тағайындалды (бұрын №40 мектепте тәрбие ісі меңгерушісі болып істеген), ал ОТЖ бойынша меңгеруші М.А.Белая болды. Қиын кезеңдер, күрделі тапсырмалар.

Имангалиева

Софья Шаймардановна

Белая

Маргарита Александровна

Мектепке жақын ауданда «Омега» зауытының құрылысы басталды, көп қабатты тұрғын үйлер салына бастады. Мектепке келетін балалар саны арта бастады. Сабақтар екі ауысымда, кейін үш ауысымда болды. Балалар саны -1500 адам.

Жаңа бағыт пайда болды - алты жастан оқыту керек, ал сынып бөлмелері -10. «Омега» зауытының директоры Б.Г.Молдашев «Дельфин» балабақшасынан алты жастағыларды оқыту үшін бөлмелер бөліп берді, оларды Ф.А.Пономарева, Т.П.Коршунова оқытты, екеуі де ҚазКСР-і ағарту ісінің үздіктері. Олар мектеп өмірімен өз өмірін тығыз байланыстырып, балаларды сүйе білді, олардың табыстарына қуанды. Олар мұғалім рухани бай адам болу керек деп санады, әрқашан кішкентайларға Отан туралы, табиғат туралы баяндап, білімдерін кеңейтуге, сүйіспеншіліктерін оятуға тырысты.

Ф.А.Пономарева мен Г.П.Коршунованың іскерлік қасиеттері мейірімділікпен ұштасып жатты. Бұрынғы оқушылары, қазіргі ересек адамдар өздерінің алғашқы мұғалімдерінің сабақтарын, экскурсияларды алғыспен еске алады.

Мектепке қосымша жай салу туралы мәселе өзекті болды. Қалалық комитет хатшысы Дергунов пен «Омега» зауытының директоры Б.Г.Молдашевтың, вагон депосы бастығы И.У.Осиповтың, НОД бастығы О.К.Сахтановтың белсенді араласуымен қосымша жай салу туралы мәселе жоғарғы орындарда қаралып, шешілді.

Бұл өте қиын кезең болды, құрылысы әр түрлі себептерге байланысты бірнеше рет тоқтатылды, бірақ ұжым үміт пен сенім арқасында жұмыс істей берді.

Қосымша жайдың іргетасы қаланды

Құрылыс жалғасуда

1988 год

Қосымша жай құрылысы аяқталды, іске қосылды. Мұғалімдер мен оқушылардың қуанышында шек болмады, мектептің заманауи шеберханасы, спорт залы, кітапханасы және қосымша сынып бөлмелері болды. Оқушылар екі ауысыммен оқуға мүмкіндік алды. Мектеп тазалығын техникалық қызметкерлер (Сабирова Р.В., Круглях З.С., Григоревская А.) шаруашылық ісі меңгерушілері П.В.Шаркевич және Л.И.Кругляктың басшылығымен өз жауапкершіліктеріне алды.

Мектеп директоры Е.Ш.Иманғалиеваның табандылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында шефтік көмек көрсетіліп, мектептің ескі ғимаратына да күрделі жөндеу жүргізілді. Кабинеттерге жиһаз, спорт бұйымдары, музыкалық аппаратура т.б алынды, оқу әдістемелік база толықтырылды.

София Шаймардановна мектепті жабдықтау бойынша күрделі мәселелерді шешумен айналысып жүрген кезде, М.А.Белая мектептің оқу үрдісіне басшылық ете отырып, мұғалімдерге білікті көмек бере білді, оларға жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін үйретіп, кемшіліктерді көрсетіп, оларды жоюдың жолдарын қарастырып отырды.

М.А.Белаяның басшылығымен мектепте қала деңгейінде семинарлар өтеді, пән мұғалімдері ашық сабақтарға қатысып, іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Педкеңестер өте қызықты мәселелерді алып, талқыға салатын. («Мұғалімнің ғылыми еңбегі», «Оқу-тәрбие үрдісін белсенділендіру» т.б). Барлығы белсене қатысып, көтерілген мәселе бойынша өз ойларын айтып отырды.

М.А.Белая орыс тілі мен әдебиет мұғалімі ретінде қала көлемінде танымал болды. Оның сабақтарына жас мұғалімдер де, тәжірибелі әдіскерлер де қатысты.

Белая М.А. – жастардың тәлімгері

Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында аудандық әдебиетшілердің біліктілік көтеру курстары М.А.Белаяның ашық сабақтарынсыз өтпеді. Ол сыныптан тыс оқуға қатты көңіл бөлді, балалар көбірек оқыса, сауатты да мәдениетті тіл қалыптасады, мектептегі оқу материалы терең меңгеріледі деп есептеді.

Жоғарғы сынып оқушыларының әдеби кештерінде поэзияға деген қызығушылық анық көрінді, сүйікті ақындарының өлеңдерін оқыды.

Маргарита Александровна сағат санына стилистикаға сағат қосылуын құптады, себебі тілдік практика аз болатын.

М.А.Белая - ақынжанды адам. Қаланың барлық мұғалімдері осы тамаша педогогтың, мейірімді адамның әдістемелік мектебінен өтті.

Оның марапаттаулары: «Аға мұғалім» «Әдіскер мұғалім» «Қаз КСР-нің ағарту ісі үздігі» белгісі

Физика мұғалімі Е.А.Николаева туралы да ерекше ілтипатпен айтуға болады. Табиғатынан ол - лидер. Ол педагогикалық жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қатал, әділ мұғалім және жастардың тәлімгері физиканы оқытуды жаңа деңгейге көтерді. Әрбір жылдарда Е.А.Николаеваның оқушыларының білім деңгейлері жоғары болды. Ол қалалық және облыстық олимпиадалар жүлдегерлерін дайындап шығарды. Оқушылары Елена Александровнаны қатты сыйлайды, жақсы көреді, мектепке жиі келіп, берген білімі үшін алғыстарын айтып кетеді. Оның марапаттаулары: алғыс хаттар, обл ББ Құрмет грамотасы, қалалық кәсіподақ комитетінің Грамотасы, «Қаз КСР-нің ағарту ісі үздігі» белгісі.

Уақыт өтуде. Мектеп түлектерінің орнына түрлі мінезі бар, түрлі қызығушылығы бар жаңа оқушылар келеді, ал С.Ш.Иманғалиева басқарған педагогикалық ұжым балаларға өз білімдерінің кеңістігін ұсынуды жалғастыра береді.

Жаңа тәрбиеленушілермен кездесу

Мұғалім еңбегінің жемісі - оқушылардың жетістігі. Мектеп түлектерінің көбі мақтанышымызға айналған. Олар: Желтенкова Людмила Николаевна, 1956-1957 жыл түлегі, Ақтөбе медицина институтын бітіріп, аураханада дәрігер болып істеді, кейін Орал қаласы диагностикалық орталығында қызмет етті.

Жарый Юрий Иванович, 1957-1958 жыл түлегі, А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутын бітіріп, №532 мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болды, кейін №73 қазақ темір жолы орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Голдовская Юлия Евсеевна, Кунцман Олег Иосифович, Минаев Виктор Петрович 1958-1959 жыл түлектері, Орал, Мәскеу қалаларының ауруханаларында істеді (жоғарғы білікті дәрігерлер).

Куяров Вячеслав Васильевич, 1962-1963 жыл түлегі, Ақтөбе медицина институтын бітіріп, Орал облыстық ауруханасында гинеколог-дәрігер болып істеді, медициналық аспирантураны бітіріп, Нижневартов ауруханасында бас дәрігер болды. Қазіргі кезде полковник шенінде Сібір ішкі істер жанындағы медициналық басқармада істейді.

Соболев Евгений Петрович, 1962-1963 жыл түлегі, Қазақстан химия- технологиялық институтын 1968 жылы бітірді. Өндіріс және азаматтық құрылыс инженері мамандығын алды. Қарапайым инженерден «Адай-Арқа» ЖШС бас конструкторлығына дейін көтерілді. Евгений Петрович құрған нысандар: Достық үйі, мешіт, 16 қабатты тұрғын үйлер.

Бекмұханбетов Нұрлан - мектеп түлегі. Музыкалық мектеп пен музыкалық училищені бітіргеннен кейін Л.В.Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясына түсті. Қазір Мемлекеттік Академиялық Үлкен Театрдың және Норвегия опера театрының солисі.

Өткен жылдар өмір кітабының парақтарындай, қазірге дейін мұғалімдердің игі істері балаларға пайдасын тигізуде. Ардагерлермен кездесу кезінде София Шаймардановна: «Мен еңбек еткен жылдарым үшін еш ұялмаймын, сол кездегі мұғалімдерге басымды иіп, тағзым етемін»,- деген болатын.

Көп жылғы еңбегі үшін (55 жыл) С.Ш.Иманғалиева марапаттарға ие болды: Қаз КСР Министрлігі Грамотасы, қала әкімі В.К.Мұқатаевтың Грамотасы, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл медалі, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл медалі, «Еңбек ардагері» ордені, «КСРО ағарту ісі үздігі», «Қаз КСР –нің ағарту ісі үздігі» белгілері.

Ол қазір де жұмысын жалғастыруда, қалалық мұғалім ардагерлер ұйымын басқарады, өз мектебінің ардагерлерімен үнемі байланыста.

№35 мектептің 50 жылдығы қарсаңында біз мұғалімдеріміз бен оқушыларымыздың ұмытылмас кезеңдерін еске аламыз.

1991 жыл.

Мектеп жаңа мәртебеге ие болды. Енді ол - №35 мектеп- лицейі. Лицей алдында жаңа міндеттер тұрды. Мектеп Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа талаптарына сай болу керек.