Гераньді көктем уақытында күту бойынша ұсынымдар

  Сәуір келді, бізді қоршаған орта да күн санап өзгеруде, жаңаруда. Қазіргі жағдайда бәріміз карантинде болғанымызбен, біздің «Герань» жобамыз  жалғасуда және ол бізді бір мақсатқа – сүйікті лицейіміздің ауласын көріктендіруге жұмылдырады.

Бұл үшін балалар нені білуі керек? Көктемде барлық өсімдіктер ерекше күтімді қажет етеді. Көктемгі күн сәулесі көп жағдайда өсімдіктер үшін жау боп келеді, соның ішінде жарықты сүйетін пеларгония да бар. Күн шуағы мол күндері гүлді көлеңкелеген дұрыс. Қыста қалыпты жағдайда болғандықтан, күн сәулесіне біртіндеп үйрету керек.

  
   Сәуірден бастап күн қыза бастайды, бұл терезе мен оның алдындағы гүлге де әсер етеді, сондықтан гүл орналасқан бөлме жиі желдетілуі керек. Ал мамыр айынан бастап гүлдерді ауаға, күн сәулесі тіке түспейтін жерге шығару керек.

Қыста өсімдіктер суды аз қажет етеді. Көктем келісімен, су құю жиілігін бірте-бірте арттыру керек, аптасына аз-аздан 3-4 рет. Су құю жиілігін ауа райы жағдайына қарап реттеген жөн: ыстық күндері суды аямаған дұрыс, ал бұлтты күндері азайту керек. Бұл ыстық күндері су тез буланып, топырақ кеуіп кетпеуі үшін маңызды. Су құйғанда да ыдыстың ернеуінен құю керек, жапырақтарына су тимегені дұрыс.


Бұл ережелер балаларға гүлді көктем мезгілінде күтіп, баптауына, кейін оларды мектеп ауласына отырғызуға дайындауына көмектеседі.

  
  

5- сыныптың есептерінде айтылған мына сөздерді еске салғым келеді:

«Біз өсімдіктерді жақсы көреміз. Су құямыз, күтеміз, қажет болса, қайта отырғызамыз, жарықтың жеткілікті болғанын қадағалаймыз»

Ал мынау 11-сыныптардың еседбінен:

«Бұл – біздің лицей жобасындағы соңғы үлесіміз. Келесі жылы біз өсімдіктерді баптай алмаймыз, оларға есім бермейміз, өсірмейміз. Осымен бақшашы қызметіміз аяқталады, сол көңілімізді түсіреді ((»

Бұл сөздер оқушылардың лицейге деген махаббатын көрсетеді. Оскар Уайльдтің мына сөздері еске түседі: «Махаббатты жүрегіңде сақта. Махаббатсыз өмір солып қалған гүлдері бар бақшаға ұқсас».

Бұл сөздер оқушылардың лицейге деген махаббатын көрсетеді. Оскар Уайльдтің мына сөздері еске түседі: «Махаббатты жүрегіңде сақта. Махаббатсыз өмір солып қалған гүлдері бар бақшаға ұқсас».

«Герань» жобасы мен лицейге деген махаббат пен мейірім үшін балаларға алғыс білідреміз!!!

 Биология мұғалімі: Т.П.Никифорова

 

Проект «Герань» 8"В"

Проект «Герань» 8"В"