«Жаңа оқу жылындағы балаларды оқыту мәселелері» тақырыбында қашықтан өткізілген ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 20 тамызында №35 мектеп-лицейінде «Жаңа оқу жылындағы балаларды оқыту мәселелері» тақырыбында ата-аналар жиналысы қашықтан өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктері бойынша ақпараттарды жеткізу. Жиналыста короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша жасалып жатқан шектеу шаралары кезеңінде балаларды оқытуға байланысты барлық өзекті мәселелер талқыланды. Қашықтан оқыту тәртібінде сапалы білім алу үшін жасалған жағдайлар туралы сұрақтар легі көп болды. Ата-аналарға интернет ресурстарын пайдалану ережелері, сондай-ақ балалардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы жауапкершілік бойынша ақпарат берілді.