Татьяна күні

25 қаңтарда лицейде «Татьяна күні» дәстүрлі мерекесі өтті. Бұл күн барлық студенттер үшін – көңілді де, қызықты күн. Осы тамаша мерекені 7 «Б» сыныбы сынып жетекшілері Кереева Нұргүл Жасқайратқызының жетекшілігімен ұйымдастырып, лицей назарына ұсынды. Мерекені жүргізушілер Бушанова Карина мен Быков Семен бұл дәстүрдің тарихымен таныстырып, мектепте қызмет ететін және оқитын барлық Татьяналарды ортаға шақырды. Түрлі әзіл әңгімелер мен байқаулар өткізілді. Мереке соңында дәстүр бойынша лицей оқушыларына қырыққабат қосылған самса ұсынылды.

7 «Б» сыныбы мен сынып жетекшісі Кереева Нұргүл Жасқайратқызына Алғыс білдіреміз!