Қалалық білім беру бөлімінен сыйға берілген жаңа компьютер

2016 жыл   №35 мектеп-лицейі үшін 25 жылдық мерейтойымен есте қалды.

2016 жылдың 21 қазанында А.Н.Островский  атындағы драма театрында өткен атаулы мерекеге  лицейдің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан көптеген сыйлы қонақтар шақырылған болатын: лицейдің негізін қалаушы – Бисембаева С.И., Завгороднев А.И., лицейдің тұңғыш директоры – Катаев Е.С., лицейдің қазіргі кураторы, қалалық білім беру бөлімінің басшысы – Туремуратова Ж.М., мектеп түлектері.

Мерекеде лицей мұғалімдері мен оқушыларына арналған ақ тілектер көп болды. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Туремуратова Жансұлу Менешовна да лицейдің болашақта да өркендеп, жеңістерге жете беруіне тілектестігін білдіріп, қалалық білім беру бөлімі атынан құны 210870 теңге тұратын заманауи компьютер сыйға тартты.

№35 мектеп-лицейі мұндай тамаша сыйлығы үшін Жансұлу Менешовна мен қалалық білім беру бөліміне зор Алғысын білдіреді!