Алғыс айту күні

1 наурыз күні Соллер фестивалі аясында мектепішілік Алғыс айту күніне арналған шара өтті. Жауапты сынып – 8 «в»-сыныбы, сынып жетекшісі – Полуянова Н.Н. 8 «в»-сынып оқушылары таңертеңнен бастап күні бойы лицейге өзгеше бір көңіл-күй сыйлады. Барлық оқушылар әр түрлі ұлттардың киімін киіп, әр үзіліс сайын ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Ең үздік нөмірлері лезгинка болды. Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер де бұл биге араласып кетті. Мереке өте көңілді, әдемі болып, жылылық сыйлады.

Осындай мереке сыйлағандары үшін мың алғыс!