Лицей фестивалі

Соңғы екі апта бойы лицейде «Соллер» фестивалі өтті. Әр күні сыныптар фестиваль аясында «Біздің күшіміз –достықта. Достықтың даңқы арта берсін!» қағидасымен өз шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әр сынып әр түрлі шығарма бойынша көрініс дайындады. Атап айтқанда, «Қарлы ханшайым» (7 «в»-сыныбы),  «Үш мушкетер» (9 «а»-сыныбы),  «Денистің әңгімелері» (7 «б»-сыныбы),  «Қолтырауын Гена және оның достары» (7 «а»-сыныбы),  «Тимур және оның командасы» (8 «а»-сыныбы),  «Кішкентай ханзада» (8 «б»-сыныбы),  «Алғыс күні» (8 «в»-сыныбы),  «Шерлок Холмс» (9 «б»-сыныбы),  «Гарри Потер» (10 «а»-сыныбы),  «Француз тілі сабақтары» (10 «б»-сыныбы),  «Чиполлино және оның достары» (10 «в»-сыныбы). Ал фестивальді 11-сыныптардың «Қоштасу гастрольдері» аяқтады. Барлық қойылымдар жоғары деңгейде өтті, барлық сыныптардың тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұрды. Фестиваль сыныптардың бірігуіне, ұжымның тату бола түсуіне, жаңа таланттарды ашуға көмектесті.