Е.Пугачев мұражайы

№35 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары  Е.Пугачев атындағы мұражайға барып келді. Орал қаласындағы Е.Пугачев мұражай-үйі – ХVІІІ ғасырдағы өнер туындысы әрі тарихи ескерткіш. Мұражайдың Оралда орналасуы тегін емес: 1773-1775 жылдары шаруалар көтерілісі кезінде Пугачев жергілікті казактардың көмегіне жүгінген. Сол себепті бостандық үшін күрескен көтерілісшінің тағдыры қаламен тығыз байланысты. Мұражайда Пугачев көтерілісіне байланысты көптеген экспонаттар қойылған. Оқушыларға қала тарихынан қызықты әңгімелер айтылып, әр экспонат туралы мәлімет берілді.