8 наурыз

Халықаралық әйелдер күніне арналған мектепішілік мерекелік шараны ерекше өткізгені үшін 10 «в»- сыныбы мен сынып жетекшісі Латанова Мая Сергеевнаға үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Көктемнің осы бір тамаша күнінде бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырдыңыз. Таңертеңнен-ақ 10 «в»-сыныбы баршамызға қуаныш сыйлап үлгерді. Үзілістердің бірінде 7 «а»-сынып оқушылары өз аналары мен ұстаздарын ағылшын тілінде құттықтады. Үлкен үзілістерде әйелдер қауымын тек 10 «в»-сынып оқушылары ғана емес, мектеп түлектері де бейнероликтер арқылы құттықтап, ұстаздарын қуанышқа бөледі.

Мереке соңында 10 «в»-сынып оқушылары барша әйелдер қауымына гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік торт тарту етті. Ал лицейіміздің қыздары үшін қаламыздағы танымал топтардың бірі Raim&Artur «Самая вышка» әнімен шығып, өнер көрсетті (OST «Я жених»).

Бізге осындай тамаша мереке сыйлағандарыңыз үшін мың алғыс!!!