«Соллер» фестивалі

12 ақпаннан бастап екі апта бойы лицейде «Соллер» фестивалі өтті. Фестиваль тақырыбы – «Әлемді 14 күнде шарлап шығу». Үлкен үзілістерде әр сынып өздері таңдаған елдің өнері мен мәдениеті туралы көрермендерге әр түрлі бейнеде ұсынды. Осы екі апта ішінде лицей оқушылары Корея, Үндістан, Бразилия, Греция, Италия, Англия, Қазақстан, Мексика сияқты елдерді көрсетті. Әр сынып бұл елдерді өзінше ұсынды (театр қойылымдарынан бастап елдің мәдениеті мен дәстүрлеріне дейін). Фестиваль сыныптарды біріктіріп, тіпті кейбір балалар  өздерінің жаңа қырынан танылғанын атап айтуға болады. Фестиваль қорытындысы бойынша әр сынып қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

Барлығыңызға әдемі мереке сыйлағаныңыз үшін рақмет!!!