Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Күні

29 қарашада №35 мектеп-лицейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шаралар өтті.

Шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізілді. Мерекелік шара Тұңғыш президент туралы, оның БҚО-ға келген сапарлары туралы фильмнен басталды.

Барлық сыныптарда Қазақстан көшбасшысына арналған сынып сағаттары өтті.  Салтанатты концерт 5517-әскери бөлімінің ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрінің өнер көрсетуімен басталды.

Әрі қарай концерттік бағдарламаны 7а-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Селезнева Л.А. жүргізді. «Жаңадан келген» 7-сынып оқушылары өз міндеттерін ойдағыдай атқарып шықты, балалар өлең оқып, би биледі. Тұңғыш президент енгізген үш тілділікті қолдай отырып, оқушылар қазақ және ағылшын тілдерінде ән шырқады. ҚР Тұңғыш президентінің өмір жолы туралы бейнебаян көрсетілді.

Біздің мерекелік шараларымыздың басты ерекшелігі сол - бағдарламаны дайындау және өткізу кезінде қабілеттерінің бар-жоғына қарамастан сынып оқушыларының барлығы ән айтып, би билеп, өлең оқып, тегіс қатыстырылады.

ҚР Тұңғыш президенті және Тәуелсіздік Күніне арналған кітаптар мен балалар жұмыстарының көрмесі ұйыммдастырылды.

Мерекелік шара 7а-сынып ата-аналарының қолдауымен безендірілген лицей холында өтті, шараны дайындау кезінде сынып жетекшісіне бұл үлкен көмек болды.

Аталған шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін дамытуға, өз елінде атқарылып жатқан істер мен жетістіктерге саналы қарым-қатынасын тәрбиелеуге бағытталды.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті, бағдарламада Тұңғыш президенттің өмірі мен қызметінің барлық бағыттары қамтылды.