«Герань» жобасы бойынша 5-7-сыныптар есебі

2019 жылдың 26 желтоқсанында «Герань» жобасы бойынша лицейіміздің кіші буыны 5а, 7а, 7б-сыныптары есеп берді. Бұл сыныптарға да қыркүйек айында баптап өсіру үшін гүл тамырлары берілген. Шағын ыдысқа отырғызылған гүл тамырларын баптап, уақытымен үлкенірек ыдысқа отырғызу керек еді. Үш сыныпқа 91 өсімдік берілді.

Бұл жоба сынып оқушыларының бірігуіне көмектесті, себебі олар бір-біріне хабарласып, баптау тәсілдерімен бөлісті. Бесінші және жетінші сынып оқушылары лицейге енді ғана қабылданғанын ескерсек, бұл жобаның олардың ұжымдасуына септігі тиді. Бұдан басқа жоба аясында оқушылардың бойына ұқыптылық, орындаушылық, жинақылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер сіңдіріледі.

Дегенмен әр сыныпта бірнеше өсімдіктер құрып кеткен. Балалар мұны тәжірибелерінің жоқтығынан, қалай күтіп-баптауды білмегендіктен деп түсіндірді. Кейбіреуі үй жануарлары мен гүлдің әлсіздігі сияқты дәлелдерді алға тартты.

Сыныптар

 Берілген

өсімдік саны

Сақталған

өсімдік саны

5 «А»

31

21

7 «А»

30

21

7 «Б»

30

23

Балалар жоба бойынша есепті сауатты құрастырып, үлкен аудитория алдында   толқымай баяндап беруге тырысты. Бұл жоба тек лицейді көріктендіруге ғана көмектеспейді, сонымен қатар оқушыларды шешендік өнерге, топ алдында өзін еркін ұстап, сөзін әдемі жеткізуге де үйретеді.

«Герань» жобасына қызығушылық танытқан оқушыларға алғыс айтамыз!!!

Сыныптардың герань өсіру бойынша фотосуреттері мен бейнебаяндары.

Биология мұғалімі: Никифирова Т.П.

«Герань» жобасы 5а

«Герань» жобасы 7а

«Герань» жобасы 7б