«Герань» жобасы. 8-9-сыныптар

«Герань» грек тілінен аударғанда «тырна» дегенді білдіреді екен. Оны пеларгония деп те атайды. Тек ашық түсімен ғана емес, жақындасаң болды сезілетін хош иісімен де баурап алатын өсімдіктердің бірі. 2019 жылдың қыркүйегінде «Герань» жобасы бойынша жұмыс жалғасты, осы аралық кезеңдегі жұмыс нәтижелері бойынша 8-9-сынып оқушылары 9 желтоқсанда есеп берді. Герань бөлме өсімдігі ретінде кірпияз емес, ерекше  күтімді талап етпейді, дегенмен қалың гүлдеуі үшін оқушылардың білуі, сақтауы керек ережелер бар.

        Герань жеткілікті жарықты қажет етеді. Жарық жетіспесе, ол гүлдеуін ғана тоқтатып қоймайды, жапырақтары да сарғайып, түсе бастайды. Тіке түскен күннің көзі де оған зиян әкеледі, сондықтан оны жарық жеткілікті жерге (тек күннің көзіне емес) қою керек. Ауа ылғалдылығына қатысты ерекше талапты қажет етпейді. Құрғақ және ылғал ауада бірдей қалыпта өсе береді, бірақ су себелеудің қажеті жоқ, оны ұнатпайды.

Герань таза ауаны жақсы көреді, сондықтан қыста бөлмені желдетіп тұрған дұрыс. Топырағы үнемі ылғал болуы керек, алайда қыста су құюды азайту керек, топырақ аз ғана ылғал болса жеткілікті. Бұл мезгілде көп су құю судың сіңбей қалып, гүлдің тамырын шірітуіне әкелуі мүмкін.

Егер гүлді қапырық бөлмеде ұстаса, гүлдеуін тоқтатады, сондықтан бөлмені салқынырақ температурада ұстау керек. Герань 8-10 градус жылылықты көтере береді, қыста әйнектелген лоджияларда ұстауға болады.

Міне, осы нұсқауларды оқушылар орындауы керек. Көптеген гүл тамырларын лицей оқушылары баптап өсіріп жатыр. Есеп беру кезіндегі бейнебаяндарда өсімдіктердің гүлдеп жатқанын көруге болады. Кей бейнелерде гүл тамырларының басқа ыдыстарға отырғызылмағанын, температура сақталмағанын, дұрыс суарылмағанын көруге болады. Осы себептерге байланысты сыныптарда гүл саны азаюда.

Сынып

Алынған гүл саны

Сақталған өсімдік саны

8 «А»

28

18

8 «Б»

26

18

8 «В»

27

25

9 «А»

27

20

9 «Б»

31

25

Сонымен: 131 өсімдік алынды, 106-сы сақталған, яғни 25 гүл өліп қалған.

Бақылап, баптау кезінде оқушылар өз гүлдері үшін уайымдады, көптеген мәселелерге тап болды, гүлді қыс кезінде баптау туралы ақпараттарды білуге тырысты. Балаларға өздеріне берілген гүлді өсіру ұнайды, бұл олардың жауапкершілігін арттырады.

«Герань» жобасына қызығушылық танытқан оқушыларға алғыс айтамыз!!!

Сыныптардың герань өсіру бойынша фотосуреттері мен бейнебаяндары.

Биология мұғалімі: Никифирова Т.П.

 

«Герань» жобасы 8а

«Герань» жобасы 8б

«Герань» жобасы 8в